Пәкістанның Пенджаб провинциясы су астында қалды
Қауіп төнген аймақтардан мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.
Бұдан бөлек тағы екі мыңдай адам жақын арада көшірілуі тиіс. Тұрғындар топан су көрші ел – Үндістандағы жауын-шашыннан келіп отыр дейді. Дәлірек айтқанда, шекарадағы Сатледж өзені арнасынан тасып, жолдар шайылып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.