Италияда теміржол қызметкерлері ереуілге шықты
Қазір елде пойыздар кешігіп, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызметкерлер жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Жүздеген адамнан тұратын кәсіподақтар райымыздан қайтпаймыз, мұндай ереуілдер толқыны қайталанатынын ескертті. Италия билігі наразылықты басуға барлық амалдарды қарастырып жатыр. Жауапты министрлік басшылары елде аптап ыстық болып жатқанда адамдардың онсыз да берекесі қашқанына алаңдайды. Теміржолшылардың наразылық шарасына осы сенбі күні әуе компания қызметкерлері де қосылады деген ақпарат бар.