Қытайда қауіптің төртінші деңгейі жарияланды

Қытай билігі елдің солтүстігіндегі су тасқынына байланысты қауіптің төртінші деңгейін жариялады.

Себебі елдің бірнеше провинциясы әлі күнге дейін табиғи апаттан зардап шегіп жатыр. Қазір аталған аймақта үйлерін су басқан азаматтарды жаппай эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Айта өтейін, кейінгі бірнеше аптада Қытайда тоқтаусыз жаңбыр жауып, кей өңірлерде тасқын мен лай көшкіні жүрді. Соның салдарынан үйлер қирап, бірнеше адам бақилық болған.