Кипрде мысықтар қырылып қалды

Кипрде мысықтар қырылып жатыр.

Осы уақытқа дейін 300 мыңнан астам үй жануарының өлексесі табылған. Бұл коронавирус дейді мамандар. Яғни аталған аралдағы әр үшінші мысық вирус жұқтырып, өлген. Мамандардың айтуынша, инфекция аралдан тыс жерлерге тарап жатыр. Атап айтқанда, Израильде де мысықтардың ковид жұқтыру дерегі тіркелген. Бірақ соған қарамастан мамандар бұдан адамға келер қауіп жоқ деп отыр.