Үндістан Айға аппарат ұшырды
Үндістан Айға ғарыш аппаратын ұшырды.
Мамандардың айтуынша, құрылғы алдымен Жер орбитасына жетіп, кейін Айдың оңтүстік полюсіне бет алады. Сөйтіп, Жер серігіндегі топыраққа химиялық талдау жасайды. Аталған миссия аясында салмағы 20 келі болатын аппарат 14 сотық жерге зерттеу жүргізбек. Жалпы адамзат тарихында бұған дейін тек 3 елдің ғарыш құралы ғана Айға қонған. Олар: АҚШ, Кеңес одағы және Қытай. Бірақ бұл мемлекеттердің ешқайсысы Айдың оңтүстік полюсіне бармаған.