Оңтүстік Кореяда лай көшкінінен кейін адамдар әлі табылмады
Оңтүстік Кореяда 3 күн қатарынан тоқтамай жауған нөсер соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты.
Салдарынан 7 адам опат болып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Елдің орталық бөлігінде лай көшкінінен пойыз рельстен шығып кеткен. Мұндай оқиғаларды болдырмау үшін біраз пойыздың қозғалысы тоқтады. Осы нөсер салдарынан Сеулдің энергетикалық жүйесінде ақау болып, 4 мың отбасы жарықсыз қалды.