Ливия шекара қызметі шөлдегі босқындарды құтқарды
Ливия шекарашылары Туниспен іргелес аймақтағы шөлде сусыз, тамақсыз қалған бір топ босқынды құтқарды.
Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Босқындардың сөзінше Тунис полициясы соққыға жығып, күшпен осы жерге әкелген. Бұл жағдай үшінші шілде күні Сфакс қаласындағы қақтығыстан кейін болып отыр. Ол кезде жергілікті тұрғындар мен қара нәсілді мигранттар арасында қақтығыс болып, Тунистің бір азаматы қаза тапқан еді. Осыдан кейін елдің қауіпсіздік қызметі босқындарды, Ливия және Алжирмен шекаралас аймақтағы шөл далаға жеткізіп, сол жерге тастап кеткен.
Мұса Халид, Конгодан келген босқын:
- Тунис полициясы бар заттарымызды тартып алып, осы жерде қалдырып кетті. Соққыға жығып, қолымды сындырды. Шөлде жүргенімізге бірнеше күн болды.