Оңтүстік Кореяда Орталық Азиядағы стартап жобаларының байқауы өтті
Оған жергілікті университеттерден 120 студент қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сайысты Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырып отыр. Ақтық сынға 61 студент шықты. Қатысушылар 8 командаға бөлінді.
Бірінші орынды Орталық Азия елдерінен Кореяға жемістер мен көкөністерді импорттау жобасы иеленді.Үздік 20 студент Қазақстан мен Өзбекстанға және Қырғызстанға сапар шегеді. Жол шығындарын Корея қоры қаржыландырады. Байқау қатысушылары елімізге 29 тамызда келеді. Олар жергілікті студенттермен және ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ондағы мақсат – іскер азаматтарға өздерінің стартап жобаларын ұсынып, келіссөз жүргізу.
Айдана Мәулен, стартап жобалар байқауының сарапшысы:
- Қазақстанға ең қажет зат, бізде жақсы техника жоқ Қазақстанда. Ал Корея Hyundai болсын, Samsung болсын, жақсы соңғы модельдер техниканы түр-түрін ұсына алады. Сондықтан экспорт, техниканың экспорты және де медицина. Кәрістердің медицинасына біздің қазақтардың қызығушылығы үлкен.
Чан Ин, стартап жобалар байқауының қатысушысы:
- Корея – өңдеу өнеркәсібінде озық елдердің бірі. Сондықтан біз Қазақстаннан азық-түлік өнімдерін қауіпсіз жеткізу жүйесін ұсындық. Жүйенің арқасында ұялы телефон арқылы контейнер ішіндегі температураны бақылауға болады.