Үндістандағы лай көшкіні: 100-ге жуық адам жоғалды
Үндістанда табиғи апаттан кейін жоғалған 100-ге жуық адам әлі табылай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Лай көшкіні Мумбайдан 50 шақырым жердегі шағын ауылды толығымен басып қалған болатын. 16 тұрғын ажал құшты. Бұл елдімекенде 225 адам тұрыпты. Олардың 80-і өз еркімен қауіпсіз жерге кетіп үлгерген. Қалың тұман мен жауын-шашын іздеу-құтқару операциясына кедергі келтіріп жатыр. Метеорлогия қызметі жаңбыр маусымы басталғалы елде ажал құшқан тұрғындар саны 100-ден асқанын айтады.
Сиби Сингх, төтенше жағдай әскерінің қолбасшысы:
- Күн райы өте қолайсыз. Жаңбыр құйып, қалың тұман ашылмай тұр. Ең үлкен кедергі – ауыр техниканың жоқтығы. Бүгінгі біздің алдамызда тұрған міндет – апат аумағын әртүрлі санатқа бөлу. Жергілікті тұрғындардың да көмегі ауадай қажет. Өйткені олар бұл жақты өте жақсы біледі.