Оңтүстік Кореяда қазақ дәмханасы ашылды
Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтардың қуанышы еселенді.
Осы елде екінші қазақ дәмханасы ашылды. Енді Кванджу қаласында бешпармақтан дәм татып көже мен қымыз ішуге болады. «Qazaq» деп аталатын дәмханаға тілшіміз Владислав Цой да барып қайтты.
Владислав Цой, тілші:
- Шетелдіктер көп тұратын Вольгокдон ауданыда қазақ мейрамханасының ашылуы бекер емес. Қазақ диаспорасы Кванджудағы ең ірі бес диаспораның бірі саналады. Бұл қалада 800-ден астам жерлесіміз тұрады
Айдана мен Дархан екі баласымен бірге былтыр Кентаудан Кванджу қаласына жұмысқа келген. Жергілікті мейрамханалардың мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары болмағандықтан, осында дәмхана ашуды жөн көріпті. Шешінген судан тайнбас деп, діттеген мақсатқа қол жеткізді. Бірнеше апта бұрын Qazaq мейрамханасы ашылды. Осында жұмыс істейтін қазақстандықтардың ұлттық тағамға сұранысы жоғары.
Айдана Қалдыбекова, дәмхана иесі:
- Екі аптаның ішінде қазақтар көбінесе, қазақтар қуанып келді басқа қалалардан да келіп жатыр. Поддержкалары мықты болып жатыр енді. Барлығы келіп қолдау көрсетіп рахмет ашылғандарыңызға деп, үлкен кісілер де келіп көз жасын алып кетеді ауылда отырғандай болдық ауылдың атмосферасы барлығы қазақша сөйлейді. Өзіміздің тағамдары деп сағынып қалдық марқайып қалдық деп өзіміздің қазақтары көбінесе.
Ақбота Қалдыбекова, дәмхана қызметкері:
- Мен бауырсақ жасаймын және бауырсақ бургер жасаймын. Мұғаліммін негізімін. Педагог. Түркістан облысы Кентау қаласынан боламын.
Қазақстанның бас консулы Аян Қашабаев Ақбота мен Дарханды құттықтап арнайы келді. Консулдық Пусан мен Кванджудың ірі қалаларында және Кореяның 7 провинциясында тұратын қазақстандықтарға қызмет көрсетеді.
Аян Қашабаев, Пусан қаласындағы ҚР бас консулы:
- Осы қазақстандықтар осы оңтүстікте тұрып жатқан олар көбісі естіп қазір жұмысымыз көбейді. Жәй көрсеткіштер бойынша қарасақ міне 400-дей паспорт бердік, 170-тей туу туралы куәлік бердік, 50 астам 60-қа таяу неке қидық осы жақта.
Дәмхананы қазақы нақышта безендірумен отағасы Дархан Ыбырайхан айналысқан. Мұнда қонақтарға барынша жайлы жағдай жасалған. Тіпті намазхана да жасақталған. Ас мәзіріндегі барлық тағамдардың халал сертификаты бар. Сондықтан дәмхана басқа елдерден келген жергілікті мұсылмандардың арасында танымалдыққа ие.
Ли Ю Бин, қала тұрғыны:
- Мен Қазақстанда бұрын болғанмын, тағамы, әсіресе қазақша ет ұнады. Анам маған қазақ дәмханасының ашылғаны туралы айтты, сосын біз бүкіл отбасымызбен осында келдік.
Айнагүл Алдонғарова, турист:
- Біздің қазақ еліміздің азаматтары шетелде осылай кәсіп ашып отырғандарына кәсіптері алға басып посетительдері көп болып тамақтары дәмді болсын өте қуаныштымыз. Бешпармағын дәмін таттық осы Кореядан өте дімді болды.
Дәмхана өнімдерді Өзбекстан мен Қырғызстандық кәсіпкерлерден алады. Әзірге отандық өндірушілермен әріптестік орнатылмаған.
Айдана Қалдыбекова, дәмхана иесі:
- Халал еті ұйымдастырылған. Аса қатты қиын емес Бір қиындығы ол мұздатылған келгеннен кейін аса қатты ауылдағы тәтті болмайды. Біз оны қайта-қайта ертіп сүрлеп одан кейін асамыз. Экспорт жағынан Қазастаннан да тауарлар келетін болса керемет болар еді.
3-4 айдан кейін Бас консулдық Пусан қаласында Қазақстан-Корея бизнес форумын өткізуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар осы шарадан кейін Кореядағы дүкен сөрелерінде «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар тауарлар пайда болады деп үміттенеді.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян