Қытайда метроны су басты
Қытайдың шығысын да су басып жатыр.
Цзянсу провинциясында тасқын метро бекетін істен шығарды. Рейтер агенттігі жариялаған бейнежазбадан табиғи апаттың ауқымын көруге болады. Үлкен су елдің солтүстік-орталығындағы Ганьсу провинциясына да үлкен зардап әкелді. Билік аяқ астынан лай көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтандырып жатыр.
Қытай сәуірден бері су тасқыны мен құрғақшылықтан бірдей зардап шегіп келеді. Бұл елде жылда 300 миллион адам табиғи апаттардың ауыртпалығын сезінеді. Экономикалық шығын ондаған миллиард доллардан асады.