Әлемде денге безгегін жұқтыру көбейіп барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әлемде денге безгегін жұқтыру көбейіп кеткенін ескертті.

Мұның бір себебі ғаламдағы ауа-райының жылынуы болып тұр. Осының салдарынан бұл дертті тарататын масалар тым көбейіп кеткен. 2019 жылы 192 елде бұл ауруға 5 миллион 200 мың адам шалдыққан болатын. Ал биыл жарты жылда 4 миллионан аса адам жұқтырды. Жылдың аяғына дейін сол рекордтық көрсеткіштен асып түсетін түрі бар.  

Раман Велаюдхан, ДДСҰ тропикалық аурулармен күрес бағдарламасының бөлім басшысы:

- 2000 жылы Денге безгегін жарты миллион адам жұқтырса, биыл 4 миллион 200 мыңнан аса науқасты тіркедік. 8 есе артқанын көріп тұрмыз.