Польшада аптап ыстықтан қиналған жануарларға орталық ашылды
Польша астанасы Варшавада аптап ыстық кезінде қиналған жануарларға көмек көрсететін арнайы орталық ашылды.
Оны волонтерлер құрған. Олар ит-мысықтарды жинап, оларға су құйып, ауабаптағыш қосып, жәрдем қылып жүр. Белсенділердің айтуынша, қазір орталықта 650 ит пен 180 мысық бар.
Анна Скибика, волонтер:
- Өте жоғары температурада иттер де адамдар сияқты көлеңкеде қимылсыз жатқанды ұнатады. Ыстық кезінде салпаңқұлақтарда иіс сезуден қиындықтар туындайды. Өйткені олар иіскеуге көп энергия жұмсайды.