Алжирде орман өртінен 25 адам қаза тапты

Алжирде орман өртінен 25 адам опат болды, олардың ішінде 10 әскери қызметші бар.

Елдің 16 аймағында 100-ге жуық өрт ошағы тіркелді. Әсіресе Кабилия өңірінде ахуал қиын. Қазіргі таңда 1,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

- Өрт әскери училищеге жақын жердегі орманнан шықты. Мен жалынды байқап қалып, өрт сөндіру қызметіне телефон шалып, ескерттім. Бірақ олар жеткенше өрт көп жерге тарап үлгерді.     

Грекияда өрттен тағы мыңдаған адам эвакуацияланды

Ал Грекияда орман өртіне байланысты  Родос пен Корфу аралдарынан туристер мен тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Родостан жағалау күзеті теңізбен 3 мың адамды қауіпсіз мекендерге жеткізді. Бұған дейін бұл маңнан 20 мың азамат қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, кейінгі бірнеше күнде аймақта тағы 60-тан аса өрт ошағы тіркелген. Өртке аптап ыстық себеп. Аймақта сынап бағанасы өткен апталарда 38 градустан асқан.