Израильде заңның қабылдануынан ереуілдер өршіді
Дауға айналған заңның қабылдануы Израильдегі ереуілдерді одан бетер өршітті.
Тель-Авивте жүздеген оппозиция өкілдері ірі жолдарды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Полиция халықты тарату үшін су шашып, көз жасаурататын газ қолданған. Қақтығыс кезінде 22 адам абақтыға қамалды. Мұндай ереуілдер елдің бірнеше қаласында тіркелді. Хайфа мен Беэр-Шевада мыңдаған адам наразалық шарасын ұйымдастырды.