Сенегалда мигранттардың қайығы суға батып, 17 адам қаза тапты
Сенегалда мигранттар мінген қайық суға батып кетіп, 17 адам опат болды.
Болжам бойынша, қаза тапқандардың барлығы босқын. Олардың қатарында әйелдер мен балалар да бар. Мамандар Батыс Африкадан Канар араларына апаратын бұл бағыт өте қауіпті екенін ескертеді. Алайда Еуропаға барамын дейтіндер әдетте осы қысқа жолды таңдайды. Бірақ босқындар көбінесе шағын қайықтармен сапарға шығатын көрінеді. Жергілікті биліктің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері діттеген жеріне жетпей, жолда көз жұмғандар және жоғалғандар саны 800-ге жетіп отыр.