Техас шатының билігіне қарсы сотқа шағым түсті

Техас шатының билігіне қарсы сотқа шағым түсіп, іс қозғалды.

Ол Мексикамен шекаралас Рио-Гранде өзенінде қалқыма қоршау орнатқан болатын. Бұл бөгеуді өз аумағына мигранттарды жібермеу үшін жасаған. Алайда федералдық үкіметтен рұқсат алмағандықтан, осы іс-қимылымен заң бұзған көрінеді. Сондай-ақ, қоршау кемелердің қатынауына кедергі келтіреді және Мексика үкіметі жағынан наразылық тудыруы мүмкін.