Үндістанда ондаған үйді су шайып кетті
Үндістанның солтүстігіндегі Кулу өңірінде толассыз жаңбырдан су тасып, ондаған үйді шайып кетті.
Табиғат апатынан 20-дан аса отбасы жапа шекті. Егіндік алқаптарды су басып, ауыл шаруашылығына едәуір нұқсан келген. Үндістанда жалпы шілдеден бастап, қазан айына дейін жаңбырлы маусым болып, халық көп зардап шегеді. Мысалы, екі апта бұрын шелектеп құйған жауыннан 25 мыңдай тұрғын баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.
Пәкістанда су тасқынынан 2 мың адам зардап шекті
Пәкістанның Пенджаб провинциясында да жаңбыр селдетіп, су тасыды. Нөсерлетіп жауған жаңбырдан аймақтағы өзендер арнасынан асып, көп мекенді су басып жатыр. Табиғат апатынан 2 мыңға жуық тұрғын жапа шекті. Өңірдің инфрақұрылымына шығын келді. Синоптиктер болса алдағы күндері аймақта тағы жаңбыр жауады деп отыр.