Сирияда орман өрті өршіді

Сирияда бірнеше аптадан бері аптап ыстық қайтпай тұр.

Кейбір өңірлерде сынап бағаны 40 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан Латакия қаласының маңында орман өрті өршіді. Жалпы шілде айында Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада жоғарғы температура бір уақытта тіркелді. Ғалымдардың болжауынша биыл ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетіп, бұрын-соңды болмаған аптап орнауы мүмкін.