Альпіде қар жауды

Еуропаның оңтүстігін аптап ыстық жайласа, Германияда күтпеген жерден қар жауды.

Бавариядағы Альпіде нағыз қыс орнаған. Мамандар бұл мезгіл үшін тосын құбылыс деп, оны ғаламдық жылынумен байланыстырады. 2 мың метр биіктікте 30 сантимерге дейін ақ ұлпа түскен. Шипажайлардың қызметкерлері қар тазалап жүргенде, балалар қызыққа батты. Синоптиктер бұл құбылыс ұзақ тұрмайды дейді. Қазір температура минус 5-тен плюс 14-ке көтеріліп келеді. Бұл құбылыс жайында естіген демалушылар осы аймаққа толассыз ағылып жатыр.

Олаф Цандер, турист:

- Мұнда негізі жазғы демалысымды өткізейін деп келіп едім. Бірақ күн бұзылып, қар жауып, қысқа тап болдым. Сонда да таудың басына шығайын деп шештім. Жазда қысты сезіну тамаша емес пе?!

Николь Вегнер, турист:

- Бала кезімде мұнда демалысқа жиі келетінмін. Мына тауды жазда қар жоқ кезде көргім келетін. Бірақ жазда да қар жауғанын қарашы.