Facebook-тің табысы артып келеді
Meta платформасының мамандары биыл компанияның қаржылық жағдайы айтарлықтай көтерілді деп отыр.
Жоспар бойынша, шілде мен қыркүйек аралығында табыс көлемі 34 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 11 пайызға көп. Осылайша, әлемге әйгілі әлеуметтік желі акциясының құны 7 процентке өскен.
Айта кету керек, таяуда Facebook компаниясы Threads деген жаңа әлеуметтік желіні іске қосқан. Ол Twitter сияқты қолданышыларда қысқа жазбалар қалдыруға мүмкіндік береді. Сарапшылар компания табысының арту себебін жаңа желінің жарық көруімен байланыстырады.