АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме тағы көтерілді
АҚШ Федералдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы көтерді.
Бұл жолы оның мөлшері 25 пунктке жоғарылап, 5,5 пайызға жетті. Шара инфляциямен күресу үшін қолға алынған. Дегенмен Федеалдық резервтік жүйе төрағасы қаржы-несие саясатын қатаңдатудың АҚШ экономикасына кері әсері барын атап өтті. Себебі, бұл тұрғындардың экономикалық белсенділігін баяулатып, жұмыссыздықты арттыруы мүмкін дейді. Сауалнамаға қарағанда соңғы 1 жылда америкалықтардың 61 пайызы пайыздық мөлшерлемені көтергеннен зардап шеккен.