Ресейде тікұшақ апатқа ұшырады

Ресейдің Алтай аймағында Ми-8 үлгісіндегі тікұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы жетеуі жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, әуе көлігі Тюнгур ауылы маңына қонбақ болған кезде оған электр сым ілініп қалған. Осыдан кейін тікұшақ өртене бастайды. Росавиация өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе көлігі ішінде 3 ұшқыш пен 12 жолаушы болған.