Филиппинде жолаушылар кемесі аударылды
Филиппин астанасы Манила қаласының маңында жолаушы тасымалдаған қайық аударылып, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кемеде қанша адам болғаны белгісіз. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 40 адам құтқарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайық жағалаудан 45 метрдей қашықтықта болған кезде күшті жел соғып, зәресі ұшқан жолаушылар бір жаққа топталып қалған. Соның әсерінен кеме аударылып кеткен.