«Доксури» дауылы Қытайға бет алды
Қытайдың шығыс және оңтүстік бөлігінде Доксури дауылына байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тайфун көп ұзамай Фуцзянь мен Гуандун провинцяларына жетеді деген болжам бар. Теңіз дауылы Тайвань аралынан 200 шақырым жерде келеді. Жергілікті билік жоғары дайындық режиміне көшті. Аймаққа 4 мыңнан астам адам мен техника жұмылдырылды. Тұрғындарға су тасқыны туралы ескертулер жасалып жатыр.
Кеше ғана Доксури дауылы Филиппинде ойран салған еді.