Германияда газ қоры 86%-ке толды
Германия алдағы қыста газдан қысылмайды.
Ел билігі осындай уәде беріп отыр. Қазірдің өзінде көгілдір отынның қоры 86%-ке толған. Былтыр бұл деңгейге қыркүйекте әрең жеткен болатын. Соның кесірінен көгілдір отын бірнеше мың долларға сатылды. Ал қазір 1 мың текше метрі 300 доллардан төмен бағаға сатылып жатыр. Сарапшылар қор көбейген сайын газдың құны төмендейді деп болжайды.
Сюзанне Захтлебер, «Жасылдар партиясының» мүшесі:
- Былтырдан бері біз үйде де, жұмыста да өз еркімізбен қатаң үнемдеуге көштік. Электр энергиясы мен жылуды 25%-ке аз пайдаланатын болдық. Осының көмегі тиген болар, биыл бізде газ қоры жақсы жинақталды. Бірақ алдағы қыс қатал болса, бұл жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан баламалы қуат көздерін барынша тез дамытқан дұрыс. Заңнама жүзінде бәрі дайын, тек жылдам іске кіріскен жөн.