Таиландта қоймадағы жарылыстан 9 адам көз жұмды

Таиландта пиротехникалық тауарлар сақталған қойма жарылып, 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында балалар бар. 100-ден астам азамат жарақат алды. Жойқын жарылыстан ондаған үй бүлінген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алдын-ала дерек бойынша, апатқа дәнекерлеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себеп болған.