Таиландта қоймадағы жарылыстан көз жұмғандардың саны артты

Таиландта пиротехникалық тауарлар сақталған қойма жарылып, 12 адам қайтыс болды.

Арасында балалар бар. 100-ден астам азамат жарақат алды. Жойқын жарылыстан ондаған үй бүлінген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алдын-ала дерек бойынша, апатқа дәнекерлеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себеп болған.