Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды

Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды

Австралияның солтүстік-шығысында тікұшақ апатынан кейін жоғалып кеткен 4 жауынгер қаза тапқан деп танылды.

Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Ричард Марлз мәлімдеді. Жуырда осы тікұшақтың қирандылары табылған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды. Алайда ол нәтиже берген жоқ. Әуе құралы Австралия мен АҚШ әскерінің бірлескен жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.