Apple адам миын зерттейтін телефон құлаққабын жасап шығармақ
Адам миының картасы телефон құлаққаптарына енгізілетін күн алыс емес.
Бұл істі Apple компаниясы қолға алды. Жақында ол биосигналдар мен мидағы толқындарды тіркейтін сымсыз құлаққапты патенттеді. Құрылғы ми мен жүректің түрлі ауруларын анықтауға мүмкіндік беретін электркардиограмма жасайды. Мұны іске асыруға титімдей электродтар көмектеседі. Әзірге компания патентті өндіріске енгізген жоқ. Ол үшін мамандар алдымен нарықты зерттеп, жаппай сатылымға шығару қажеттігін бағамдауы тиіс.