«Барби» мен «Оппенгеймер» рекордты табысқа қол жеткізді
Грета Гервигтің «Барби» комедиясы АҚШ-та 2 аптаның ішінде 93 миллион доллар тапты.
Бұл – «Warner Bros.» студия үшін ең рекордты сома. Ал әлемдік прокат 750 миллион доллар кіріс әкелді.
Ал Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» биографиялық фильмі екінші орынға табан тіреді. Картинаның табысы 400 миллион доллардан асты. Сарапшылар «Барби» комедиясының жетістігі кинотеатрлар өндірісін дағдарыстан құтқарып қалды деп бағалады.