Чилиде есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Чилиде салмағы 184 келі болатын есірткінің ірі партиясы тәркіленді.

Заңсыз жүктің құны 11 миллион долларға бағаланды. Тауарды порт арқылы жасырын алып өту үшін тұрмыстық техника пайдаланылған. Аталмыш іске қатысты колумбиялық 5 азамат қамауға алынды. Құқық қорғау органдары олардан тапанша мен көлік құралдарын тәркіледі.