Франция Еуропа азаматтарын Нигерден эвакуациялауды бастады

"Бұл - африкалық елдегі әскери төңкеріс жағдайына байланысты туындаған шешім", - дейді ресми Париж.

Еске салайық, әскери хунта 26 шілдеде демократиялық жолмен сайланған президент Мохаммед Базум мен оның үкіметін құлатты. Төңкеріс Батыс Африканың Сахел аймағында дүрбелең туғызды. Бұл әлемдегі ең кедей және тұрақсыз аймақтың бірі саналады. Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы хунтаға,, сайланған президентке билікті қайтару талабын қойды. Талап бір апта ішінде бұл орындалмаса, ЭКОВАС конституциялық тәртіпті күшпен қалпына келтірмек. Брюссель де дәл осы шешімді қолдап отыр.