Нигерияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті
Нигерияда ел астанасы Абуджа мен тағы бірнеше қалада кәсіподақтар қызметкерлері жаппай наразылыққа шықты.
Олар жанармай бағасының өсуіне қарсы. Сондай-ақ ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтуді талап етіп отыр. Елдегі инфляция деңгейі соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Қымбатшылықтан халық әбден қажыған. Кәсіподақтардың өкілдері жаппай наразылық 1 аптаға созылатынын мәлімдеді.