Бейжіңді басқан су сарқылар емес
Қытай астанасы Бейжің көшелерін басқан су кетер емес.
Қаланың оңтүстік-батыс ауданында адамдар үйінің ғимаратынан шыға алмай қалды. Оларды қазір құтқарушылар қайықпен тасымалдап жатыр. Сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі 7 ауыл судың ортасында қалып, 4300-ден астам тұрғын қамалып отыр. Оларды құтқару үшін билік 100 маманнан құралған топтар жасақтап, 30 қайық пен 80 автобус бөлді.
"Бізді құтқару операциясы 2 сағатқа созылды. Тасқын салдарынан жарықсыз және ауыз сусыз қалдық. Ұялы телефонымыздың батареясы отырып қалды. Сондықтан құтқарушылар өздері келмесе, тұрғындар байланысқа мүлде шыға алмайды".