Мексикада әлемдегі ең үлкен сэндвич пісірілді

Мексикада 100-ге жуық аспаз әлемдегі ең үлкен сэндвичті дайындап шықты.

Тағамның ұзындығы 75 метр. Былтыр 74 метрлік сэндвич пісірілген болатын. Мехикода өткен іс-шараға қатысқандар дәмді тағамнан ауыз тиді. Аспаздардың 30-ы шетелден келген. Қазір Гиннес кітабы аталған жетістікті әлемдік рекорд ретінде тіркеуді қарастырып жатыр.