Чилиде мұғалімдер шеруге шықты
Чилиде мұғалімдер бас көтерді.
Вальпараисо қаласында мыңдаған ұстаз 48 cағаттық шеруге шықты. Бұл шаһарда Чилидің Ұлттық конгресі орналасқан. Мұғалімдер үкіметтен еңбекақыны өсіруді, жұмыс жүктемесін азайтуды және лайықты зейнетақы төлеуді талап еткен. Бұған дейін белсенділер Білім министріне 8 талаптан тұратын петиция жолдаған. Бірақ құзырлы мекеме оған әлі ресми түрде жауап бермеді.