Нидерландта ең жылдам қуатталатын электр көлігі жасалды
Оның батареясы 3 минут 56 секундта толық зарядталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның үстіне бұл аккумулятор жарыс көліктеріне арналған. Сондай-ақ батарея қуаттау кезінде қызып кетпейді. Авторлар құрылғының ішіне салқындатқыш сұйықтығы бар пластиналар салған. Электрокар толық зарядпен 250 шақырымға дейін жүре алады.