Италияда мұқтаж отбасылар жәрдемақыдан қағылды
Италия үкіметі табысы төмен және жұмыссыз адамдардың отбасына жәрдемақы төлеуді тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».
70 мың отбасы енді қолдау қаражатын ала алмайтын болды. Ескертпе СМС-хат арқылы жіберілген. Енді билік бюджет қаржысын үнемдеп, жәрдемақы төлеудің орнына азаматтарды арнайы курстардан өткізіп, жұмыс орындарын көптеп ашуға ниетті.
Айта кетейік, мұндай жәрдемақы беру ережесі 2019 жылы енігізілген еді. Жағымсыз жаңалық халықтың ашу-ызасын туғызды. Мұқтаж отбасылардың басым бөлігі тұратын Неаполь қаласының тұрғындары көшеге шығып, наразылығын білдіріп жатыр.
Айта кетейік елдегі жұмыссыздық деңгейі 6%-ті құрайды. Бұл – Еуролдақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.