Грузияда лай көшіп, алты адам көз жұмды

Грузиядағы шипажайда лай көшкіні жүріп, 6 адам опат болды.

Тағы 35 демалушы із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар 200-ден аса адамды қауіпсіз жерге көшірді. Табиғи апат таулы өңірдегі Шови елді мекенінде болған. Ізестіру-құтқару жұмыстарына 400-ден аса өрт сөндіруші мен полицей жұмылдырылды.