Венесуэлада электронды темекі сататын дүкендер жабылды
Венесуэлада электронды темекіні жасап шығару, қолдану және шетелден тасуға тыйым салынды.
Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Шара өткен айда президент Николас Мадуроның мұндай құралдар адамға зиянды екенін айтып, оны шектеуге шақырған соң қолға алынған. Шешім жариялана салысымен электрондық темекі сататын дүкендердің бәрі жабылды.
Луис Эдуардо Лемус, дүкен менеджері:
- Бұл тыйым елде көп адамды кәсібінен айырып, жұмыссыздар санын арттыруы мүмкін. Сондықтан оны қайта қараған дұрыс шығар. Бірақ елде заң қатаң болғандықтан, барлық саудагерлер бірден дүкендерін жауып, кәсібін тоқтатқан.