Голливудте сценаристер студиялармен келісе алмады
АҚШ-та бірнеше айға созылған ереуілден кейін Голливуд сценарийшілерінің ірі студиялармен келіссөзі нәтижесіз аяқталды.
Америка жазушылар одағының мүшелері бірлестіктерден еңбек ақысын өсіріп, жасанды интеллектіні пайдалануды шектеуді талап етіп жатыр. Алайда студиялар сценарийшілердің көп талабын орындаудан бас тартып келеді. Желіде татарап жатқан ақпаратқа қарағанда күзде жазушылардың ереуіліне актерлер мен режиссерлер қауымы да қосылуы мүмкін.