Грузияда лай көшкінінен көз жұмғандар саны артты
Грузияның Шови мекеніндегі лай көшкінінен қаза болғандар саны артып, 17-ге жетті.
Олардың арасында балалар бар. Тағы 18 адам әлі іздестіріліп жатыр. 200-ден аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару жұмыстарына 400-ден аса маман жұмылдырылған. Арнайы техника мен дрондар қолданылып жатыр. Грузияның Рача аймағындағы лай көшкіні бейсенбі күні болды. Таудан аққан лай-батпақ өзен бойында орналасқан бірнеше қонақ үйді басып қалған.