Филиппинде 117 адам мінгескен паром суға кетті
Филиппинде жолаушы паром суда қалқып жүрген өзге кеменің қалдықтарымен соқтығысып, батып кетті.
Паром үстінде 117 адам болған. Апат салдарынан жүрегі ұстап қалған бір әйел көз жұмды. Қалған жолаушылардың барлығы құтқарылды. Бұл соңғы аптада Филиппин жағалауында болған үшінші кеме апаты. 7 мыңнан аса аралдан тұратын бұл елдің тұрғындары негізінен кеме мен қайықтармен қатынайды. Қауіпсіздік ережелеріне елемей, тым көп жолаушы мінгезетіндіктен мұндай апаттар жиі болып тұрады.