Ким Чен Ын қорғаныс кәсіпорындарын тексерді
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бірқатар қорғаныс кәсіпорнын тексерді.
Олардың арасында реактив жүйелерге арналған оқдәрі шығаратын, қанатты зымырандар мен дрондар үшін қозғалтқыштар жинайтын зауыттар бар. Ким Чен Ын өндірісті жетілдіруді тапсырған. Осыдан 1 апта бұрын Пхеньянда Корея соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай әскери шеру өткен болатын. Сондай-ақ осы айда Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен дәстүрлі әскери оқу-жаттығуы өтуге тиіс. Ал сарапшылар бұл жағдайлар аймақтағы геосаяси ахуалды ушықтырады деп есептейді.