Швецияда жолаушылар пойызы жолдан шығып кетті

Швецияда жолаушылар пойызы жолдан шығып кетті

Швецияда толассыз жауын кезінде жолаушылар пойызы жолдан шығып кетіп, 3 адам жарақат алды.

Апат елдің оңтүстігінде Худиксвалль мекенінің маңында болды. Жаңбырдан теміржолдың қиыршық тастарын су шайып кетіп, локоматив пен бір вагон аударылып қалған. Төтенше жағдай кезінде пойызда 120 жолаушы отырған. Жалпы кеше Скандинавия елдерінде "Ганс" дауылы соғып, жауын селдетіп, көп жерде су тасқыны жүрді. Синоптиктер аймақта алдағы күндері тағы жаңбыр жауады деп ескертіп отыр.