Қырғызстанда Қымыз фестивалі өтті
Айрықша іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен қымыз өндірушілер келген.
Барлығы 16 компания. Қазылар алқасы ең дәмді сусынды таңдады. Сондай-ақ қымыз өндіру бойынша шеберлік сабақтары мен асыл тұқымды жылқылар жәрмеңкесі болды. Бұдан басқа, арқан тартыс пен қол күрестен жарыс ұйымдастырылды.