Оңтүстік Кореяда «Ханун» дауылынан қауіп төнді
Оңтүстік Кореяда «Ханун» тайфунына байланысты Дүниежүзілік скауттар жиынына қатысушылар эвакуациялана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара тағы 4 күн жалғасуы тиіс еді. Алайда дауыл Корея түбегіне жақындағандықтан, 36 мың скаутты елдің өзге аймағына орналастыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін шара өтетін Пуан өңірінде аптап ыстық орнап, слетке қатысушылар тағы зардап шеккен. Кей елдер жиын нашар ұйымдастырылғанына шағымданып, өз өкілдерін кері қайтарды.