Катманду көшелері көлге айналды
Непал астанасы Катмандудың көшелері көлге айналды.
Толассыз жауған жаңбырдан жаяу адам түгілі, қоғамдық көліктер жүре алмай қалды. Жүздеген үйге зақым келді. Әзірге тасқын судан зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Қазір коммуналды қызмет өкілдері мен құтқарушылар апат салдарымен күресіп жатыр. Жалпы маусымдық жауынға байланысты Непалда жаз мезгілі өте қауіпті саналады. Өткен үш айда болған тасқын мен лай көшкіні кезінде ел бойынша 38 адам опат болды.