Суданда қарулы қақтығыстан 4 миллион адам босқынға айналды
Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігі мәлімдеді.
Әскери қимылдардан азық-түлік жетіспей ашаршылық жайлап, жұқпалы аурулардың таралуы жиілеген. Әсіресе ел астанасы Хартумда ахуал нашар. Әскери қимылдардың көбі осы шаһар мен оның төңірегінде жалғасып келеді. Суданда үкімет әскері мен арнайы жасақ арасындағы қақтығыс сәуір айында басталып, қазірге дейін 4 мың адам көз жұмған.